Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде желі арқылы бала ұрлаушылар туралы хабарлама таратыла бастады

Семейде әлеуметтік желілер арқылы бала ұрламақ болғандардың әрекеті туралы хабарлама таратыла бастады. «Қаладағы мектеп жанынан ұлымды ұрлап әкете жаздады», – деген әйелдің дыбыстық жазбасы желі арқылы желдей есіп, ата-аналардың зәресін алды. Әйелдің айтуынша, оның ұлын бәзбіреулер мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетілмеген көлікке күштеп отырғызып әкетпек болған.  Алайда, Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті аталған деректі толықтай жоққа шығарды.

Бұл туралы altaynews.kz хабарлайды.

«ШҚО аумағында бұндай дерек мүлдем тіркелген жоқ, хабарламалар – жалған», – деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, дәл осындай жалған ескертулер Алматы облысында да таратылған екен. ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі осыған орай арнайы түсінік берді.

«Ғаламтор арқылы тарап жатқан, балаларды ұрлау туралы ақпараттар – жалған.  Ел аумағында ондай деректер тіркелген жоқ.  Сонымен қатар хабарламада айтылған Яникой ауылы Ресей Федерациясының Кабардино-Балқар аумағында орналасқан», – деп мәлім етті ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.

Полиция қызметкерлері жалған ақпараттарды таратушылар заң алдында жауапқа тартылатынын ескертіп өтті.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан астанасының ауысқанына 20 жыл толды

Алматы вокзалында түнеп жүрген әртісті қыздары осы күнге дейін іздестіріп келген

Талқылау