Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде “жедел жәрдем” қызметкерлері ішкіштер тобына қосылып кеткен (видео)

Семей тұрғынын ішкіштермен бірге отырған “жедел жәрдем” қызметкерлерінің тәртібі шошытқан.

64691_900

Сурет livejournal.com

Ашуланған қалалықтар оларды видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге салып жіберген. Ролик авторының айтуынша ол Ертіс жағалауымен серуендеп жүріп байқап қалған.

“Біздің қасымызға “жедел жәрдем” көлігі келіп тоқтады. Мен біреу ауырып қалған шығар деп ойладым. Жоқ, олар өздері қыдырып жүр екен”, – дейді ол. Айтуынша, қызметтік көліктен екі дәрігер сыртқа шыққан.

“Олар 8-9 адам болып топтанып отырып алған. Әуелі жүргізуші сосын дәрігерлер шықты. Барлығы кәсіби формаларын киіп алған. Олар не болмаса кезекті ауысымды жасап жатыр, не болмаса басқа себебі бар”, – деп болжайды семейлік.

“Ондағылар өте көңілді, айқайлап отырды. Біз кейде “жедел жәрдемге” телефон шала қалсақ бос көлік жоқ деп айтады. Көліктердің қайда баратыны енді белгілі болды”, – дейді реніш білдірген автор.

Талқылау