Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде эсктрасенстер әкесіне 20 жыл бұрын жоғалған ұлының тірі екенін айтқан

Семейлік Даниал Сүйінжанов өзінің 20 жыл бұрын жоғалып кеткен баласын іздеуді әлі жалғастыруда.

sss

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Ұлын жиырма жыл бойы іздеп келе жатқан Даниал Сүйінжанов әлі де күдерін үзбеген. Ол кезекті рет қалалық әкімдікке келіп, көмек сұрады.

“1996 жылы мен бес жастағы ұлым Ержанды “Сосна” санаториіне жібердім. Құрамында 16 адам бар топты таңғы серуенге алып шыққан кезде, бала жоғалып кетеді. Оқиға болғаннан үш күннен кейін де санаторий басшылығы бізге ештеңені хабарламайды. Енді міне 20 жыл болды, әлі іздеп келе жатырмын. Осы жылдар ішінде бұл іске қатысты зерттеу жұмысы жүрмей қойды. Еш жерде оны көрген, білген жан жоқ. Бұлай болуы мүмкін бе? Әлде санаторий басшылығы айтуға қорықты ма… Енді одан бері біраз жыл өтті, біреу-міреу неге айтпайды білсе? Маған сол жылы ұлыммен бірге демалған балалармен сөйлесуге мүмкіндік бермеді. Мен оның тірі екеніне сенемін. Мен баламды мемлекетке бердім және мемлекет оны далаға тастамауы тиіс. Өлі болсын, тірі болсын ұлымды өзіме қайтарыңдаршы”, – дейді әке.

ssssss

Бұл жағдайды айтып Даниал Сүйінжанов экстрасенстердің де көмегіне бірнеше рет жүгінген. Олардың барлығы бірдей баланың тірі, оны мұсылман отбасы асырап алғанын айтқан. Тіпті ол отбасы Алматы облысында, ал асырап алушының есімі Акмаль болуы мүмкін деп те айтып берген.

“Егер бұл шынымен солай болса, онда бұл адамдардан ұлымды қайтаруды өтініп сұраймын. Қазір де олар ата-ана болып үлгерді, баладан айырылудың не екенін сезеді емес пе”, – дейді ұлын іздеп сарылған әке.

Енді ол кісі бірнеше жейде сатып алып, оған кішкентай Ержанның суретін жабыстырып, өзінің ұлына арнаған өлеңін де жазып қоймақ. Осы арқылы ұлыммен кездесіп қалармын деп үміттенеді. Ол осы киімді киіп өзгелердің назарын аудару үшін Астанаға қарай жолға шықпақ.

Талқылау