Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семей тұрғыны жасыл түс жанатын балықты жей жаздаған

Семей тұрғыны балық қуырамын деп ерекше жағдайға куәгер болды. Дастарханға майда балықты қоя бергенде, су жануары жарық шашып қоя берген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

9db8a19e171ec35d4ce70dba476

Балыққа асықпай назар салған тұрғын, одан бір талшық тауып алған. Балыққа жарық беріп тұрған осы талшық деген байламға келеді. Ал балық қараңғы жерге апарса, одан әрі жарқырай түседі екен. Таңғалған әйел, өзі балықты сатып алған базарға барады. Санитарлық дәрігер балықтың жануының не себептен екенін түсіндіре алмай, жоғары қадағалау инстанциясына баруын сұраған. Алайда әйел ешқайда бармай, жәй ғана балықты тастай салуға шешім қабылдапты.

“Кейде өз-өзінен сөніп қалады, сосын түртіп қалсаң қайта жанады. Жасыл қорқынышты түс пайда болады. Енді бұл балықты жарамыз деп таптым”, – дейді Гүлбаршын Қайдарова.

Талқылау