Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде тергеу жұмыстарын жүргізгісі келмеген полицейлер қылмысты жасырып қалған

Семейде жергілікті тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізгісі келмегендіктен, қылмыстық істі жылы жауып қойған. Олар соққыға жығылған азаматтың өздігінен дене жарақатын алғандығын айтқан, деп хабарлайды Yk-News.kz.

20480-6-v_balhashe_policeiskie_ru

Бұл туралы ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қадағалаушы органның мәліметінше, Семей тұрғыны полицияға өзін белгісіз біреулердің ұрып-соққанын айтып, арыз түсірген. Заң қызметкерлері қылмысты тіркемей, «азамат абайсызда өзін-өзі жарақаттап алған» деп жазған. Облыстық прокуратураның ресми мәлімдемесінде, полицейлердің тергеу ісімен айналысқысы келмегендері айтылған.

Жәбірленуші қалалық прокуратураға шағымданды. Ақырында оның расымен де соққының астында қалғаны анықталды.

«Ал міндеттерін атқармай, жұмыстан қашқан полицейлер қатаң түрде жазаланатын болады», – делінген хабарламада.

Жіберіп алмаңыз: 

 

Теміртауда тұрғын-үйдің алдынан тастанды қыз бала табылды

Маңғыстауда жасөспірім-спортшылар қызды зорлықтан құтқарып қалды

Жас ұстаздар қазақстандық оқушыларға не үйрете алады?

Талқылау