Семейде тасқынға шыдамаған үйлер опырылып құлап жатыр

Семейде топан су шайған аймақтардағы жұттың жағдайы тым қиын. Əсіресе, Бобровка ықшамауданындағы саяжайда тұратын жұрттың баспаналарының басым бөлігі апатты жағдайда тұр. Тіпті кейбір саз балшықтан тұрғызылғандары шыдас бермей құлап жатыр. Ал əзірге қонақ үйді паналап отырған қараша не істерлерін білмей дал, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бүгінде тасқыннан зардап шеккен Бобровка ықшамауданы тұрғындарының үрейі ұшып отыр. Ең алғашында мұнда судың тереңдігі бір метрге жеткен екен. Соның салдарынан кейбір баспаналардың қосылған бөлмелері шыдас бермей құлап қалған.

Мұнда су астында қалған 600 баспананың жағдайы қазір мəз емес. Себебі, оның басым бөлігі саз балшық пен шлактан тұрғызылған екен. Енді, тұрғындар тасқыннан кейін үйлерінің қабырғалары қақырап, апаттық жағдайда қалғанын айтуда.

«Үй міне апатты жағдайда тұр. Ешқандай көмек жоқ. Осы үш қап көмірден басқа, бізге үкімет тарапынан. Тура бір апта уақыт болды ғой», – дейді Семей қаласының тұрғыны Сандуғаш Жиенқұлова.

Бүгінде жұрт тасқынның салдарын өз күштерімен жоюға жанталасып жатыр. Олардың жылдар бойы жиған- терген дүние- мүліктерінің барлығы жарамсыз күйге түскен. Бірақ жергілікті билік ешкімді далада қалдырмаймыз деп ант-су ішіп отыр. Атқамінерлер құрған арнайы комиссия өкілдері тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді. Ал, жандары жабырқаған жұртқа қолдау көрсету үшін қабылдау бөлімі ашылған екен.Сондықтан жергілікті тұрғындар оған азық-түлік пен киім-кешек жинап беріпті. Қазіргі уақытта бұл қайырымдылық шарасына зейнеткерлер ерекше атсалысуда.

«Мысалы үшін, бір капуста, бір келі сарымсақ, бір келі күрішті бір апа әкелді. Менің қосқаным болсын деп», – дейді комиссия мүшесі Гүлжихан Жұматаева.

Сондай-ақ, комиссия өкілдері жұрттан киілген киімдерді де қабылдап жатыр. Текол таза болуы керек. Тасқында қалған тұрғындар бұған мұқтаж екен. Сондықтан балалар мен ер азаматтардың жиналған жылы киімдерін бүгін таратып бермек. Ал тасқыннан зардап шеккен Затон, Мирный кентіне дәл осындай көмек ертең көрсетіледі. Ол үшін алматылық қайырымды азаматтар да қол ұшын беріп жатыр екен. Олар жылу керуенін аттандырыпты. Айта кетейік, апат аймағынан көшірілген тұрғындардың 150-і әлі күнге дейін қонақ үйді паналауда.

Оқи отырыңыз:

Ақпарат министрлігі алматылық тілшілердің ұсталуын бақылауға алды

Ақтөбеде көлік прокуратурасына шағым айта келген әйелдің жүрегі ұстап, талып қалды

Алматыда қамауға алынған қырғыз депутатымен байланысқан миллионер ұсталды

Алматыда жас ана дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар