Семейде таратылған тегін нанды кедейлер емес сараңдар алып кетті

Сенбі, 27 Ақпан , 2016 19:53

«Добрый хлеб» акциясын ұйымдастырған азаматтар өздері таратқан тегін нанды Семейдегі жағдайы төмен  тұрғындары емес, кәдімгі сараңдардың таласа алып кеткендігін айтып отыр. Қос-қос сөмкеге нан толтырған олар ұйымдастырушылардан  ұялмастан тегін сүт пен жұмыртқа да сұраған көрінеді. Бұл жайында Informburo порталы жазды.

нан

Ұйымдастырушылардың мақсаты дағдарыс уақытында әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға қолдау көрсету болатын. Алайда, шара басталмай жатып аяқталып қалған. Өйткені, қала тұрғындары акцияның кедейлерге арналғандығынан бейхабар болса керек, тегін нанды көтере алғандарынша алып кетіп қалған.

«Дүкен сатушылары нанды кедейлер емес жағдайы жақсы азаматтардың алып кеткендігін айтты. Тіпті, кейбірі тегін сүт пен жұмыртқа беруін де сұрапты. Ал, таксишілер  күнде кешке келіп “тегін нан таусылып қалмады ма?” деп сұрауды әдетке айналдырған. Өкінішке қарай, мұқтаж жандар бұл акциядан тыс қалды»,-дейді шараны ұйымдастырған Жасұлан Құрманғалиев.

Айта кетсек, аталған акция бір апта бойына жалғасқан. Оған қаржылай қолдауды қаланың қалталы тұрғындарымен бірге белсенді азаматтары да көрсеткен. Алайда, тегін нанды кедейлер емес сараңдар алып кетіп жатқандықтан акция тоқтатылған.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Иа бес саумак бирдей емес деген осы

  • Казак туркы says:

    Не деген ашкоз адамдар бар! Уйалмай тагыда тахистер тегин нан сурап жалымауыздар. Соларга кедейге комек бер десен, бермейди ешкашан

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар