Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде такси жүргізушісі көлікте қалып қалған 1,5 миллион теңгені иесіне қайтарып берді

ШҚО-да такси жүргізушісі өз көлігінде ақшасын ұмытып кеткен тұрғынға бір жарым миллион теңгесін қайтарып берді, деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Семейде такси жүргізушісі көлікте қалып қалған бір жарым миллион теңгені иесіне қайтарып берді

Оқиға 12 қарашада Семей қаласында орын алған.

«102» пультіне Семей қаласының 42 жастағы тұрғынынан қоңырау түсті. Ол ішінде 1,5 миллион теңге көлемінде ақша болған пакетті жоғалтып алғанын айтты. Ер адамның сөзінше, ол пакетті «ВАЗ-2107» көлігінің салонында ұмытып кеткен. Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі мен түсі оның есінде қалмаған», – делінеді хабарламада.

Алайда өз көлігінде ұмыт қалған пакетті тауып алған жүргізуші оның иесін тауып алып, ақшасын сол күйінде қайтырып беріпті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау