Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде такси жүргізушісі жолақы ретінде жолаушының іш киімін алып қалған

Семейде такси жүргізушісі жолдың ақысы ретінде жолаушы әйелдің іш киімін алып қалған. Бұл туралы ІІД хабарлады.

28_main

Сурет picsnews.net

Басқа қаладан келген әйел көліктен жол ақысын төлемей шығып кеткен. Алайда жүргізуші әйелді қуып жетіпті.

Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз қаласынан Семейге бет алған әйел такси қызметін осылайша тегін пайдаланып кетпекші болыпты. Межелі жерге жеткеннен соң ақша бермей, түсе жөнеледі. Алайда ол алысқа ұзап кете алмаған. Жеткізуші жол ақысы ретінде оның сөмкесі мен жеке киімін алып тайып тұрған.

Сөмкеде оның іш киімдері, шалбары болған.

Жарты сағат өткеннен кейін 33 жастағы Аягөз тұрғыны полицияға хабарласқан. Жедел іздестіру нәтижесінде 53 жастағы Семей тұрғыны ұсталды. Ол алып кеткен заттардың жалпы құны 15 000 теңгеге бағаланған.

Такси жүргізушісі де әйелдің заттарын тартып алып кеткенін мойындады. Енді аталмыш фактіге байланысты “тәртіпсіздік” тармағы бойынша іс қозғалды.

Талқылау