Семейде колледж студенті мен қарауылы қос бүлдіршінді өрттен құтқарып қалды
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан хабарлағандай, электротехникалық колледж маңындағы тұрғын үй пәтерлерінің бірінде өрт болған.
Сурет yk-news.kz сайтынан алынды.
Төтенше оқиғаны алғаш байқаған осы оқу орнының студенттері мен аула сыпырушы бірден көмекке ұмтылыпты. Олар 3 және 5 жастағы қос бүлдіршінді аман-есен алып шықты, деп жазады 24.kz.
Пәтерде сол мезетте балалар ересектердің қарауынсыз болғаны анықталды. Студенттер сәбилерді жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, пәтердегі өрт аумағы 2 шаршы метрді құраған. Себептері анықталуда.
Талқылау