Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде салмағы 40 келі болатын алып асқабақ өсірілді

Семейлік мамандар ешқандай химиялық қоспаларсыз салмағы – 40 келі, диаметрі – 170 сантиметр олатын алып асқабақ өсіріп шықты. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Семейде салмағы 40 келі болатын алып асқабақ өсірілді

Сондықтан мамандар бұл асқабақты таза табиғи өнім деп отыр. Айтуларынша, көкөністі үйірме оқушылары ала жаздай күніне екі мәрте суғарып, күтіп-баптаған екен.

Қазір, оны екі адам әрең көтереді. Алғашында бұған өздері де сенбеген. Енді, дәрі- дәрмексіз үлкен өнім алуға болатынына көз жеткізген, орталық мамандары келер жылы жетістіктерін еселей түспек ниетте. Тіпті биыл асқабақпен қатар, салмағы бір келіден асатын сәбіз бен картоп та өсіріпті.


Оқи отырыңыз: Асқабақ көптеген дерттен айықтарады

Талқылау