Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде сәбилерге есім Алғыс айту күніне байланысты қойылды

Семейде еліміздің жаңа мерекесі – Алғыс айту күні ерекше аталып өтілді. “Мен алғыс айтамын!” атауымен ұйымдастырылған флешмоб Достық үйіндегі этнобірлестік өкілдерінің мерекелік концертіне ұласты.

70be9779-b4ef-4b0f-a58a-161e1cf78f36

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Айтулы мереке қарсаңында қала перзентханалары да ерекше шаралар легін қолға алған. “Сүйінші” шарасы көпшілікті қуанышқа бөлеп, мерекелік көңіл-күйді арттыра түсті. Қаланың белсенді азаматтары алғыс айту күнінде дүние есігін ашқан сәбилерге сыйлықтар жасады.

Жалпы, осы күні қалада 15 нәресте өмірге келіпті. Кей ата-аналар мерекеге орайластырып балаларына Алғысбай, Рахметжан деген есімдер берген.

“Бұл күні таңертеңнен бастап бір-бірімізге мейрамда алғысымызды білдірдік. Барлықтарымыздың көңіл-күйіміз жоғары, жақсы”, – дейді дәрігер Самал Уәли.

Талқылау