Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқтар ұсталды

Семейде өздерін құрылыс мекемесінің өкілімін деп таныстырып, құрылысшыларды сан соқтырған екі азамат ұсталды. Олар жұрттың құжаттарының көшірмесін жұмысқа орналастырамыз деп жинап, артынан солардың аттарынан онлайн несие рәсімдеп алған болатын. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Бүгінде, 31-34 жастағы азаматтардан 60-тан астам құрлысшының алданғаны белгілі болып отыр. Алаяқтардың несие арқылы қалталарына басқан қаражаттары да қомақты. Ол 1 жарым млн теңгені құрайды.

Алайда полиция қызметкерлері іс әлі тергеліп жатқандықтан, аладанғандардың қатары бұдан да артып кетуі мүмкін екенін айтты. Себебі, құжаттарын өткізген бір топ құрылысшы қарыздарын шағын несие компаниялары хат жолдап, хабарласқанда бір-ақ білген еді. Әрқайсысының атынан шамамен 100 мың теңгеден асатын қарыз алған. Қазір, жәбірленушілердің несиедегі үстеме пайызы тоқтатылыпты.

“Мына, микрокредитный организацияларға хат жіберілді. Кісілердің ұсталғаны туралы. Сот шешімімен олардың берешегі жабылатын болады”, – деді Семей қалалық ІІБ бастығының орынбасары Мақсат Зекенов.

Тағы да оқыңыз:

Семейде екі метр қорғаннан секіріп кірген қаскөй 3 айлық күшіктің басын кесіп лақтырып кеткен

Астанада жедел жәрдем жүргізушісі мен дәрігері шақырған жерге мас күйінде келген

Басқа кітап үстімен емін-еркін жүрген мысық мәжбүрлесе де Құранды баспай қойды (видео)

Талқылау