Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде өз әріптесін құлаққаппен сабаған шаштараз жауапқа тартылды

Семейде 43 жастағы шаштараз өзінің әріптесін кәдімгі құлаққаппен ұрған. Ол мұндай әрекетке ғимарат ішіндегі тазалықтың нашарлығына байланысты барыпты.

huge_1345469616

Фото: reactor.inform.kz

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Оқиға маусым айында болған. Ғимарат ішінің тазалығы көңілден шықпаған шаштараз әріптестеріне айқайлай бастаған. Соңғысы құлағына құлаққап киіп тұрған екен. Ашуға мінген шаштараз, әйелдің құлаққабын тартып алып, құрылғымен оның басынан және қолынан аямай ұрған.

Жарақат алған зардап шегуші полицияға арыз түсіріп, шаштаразды сотқа берген. Бұл шағым бойынша тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғайды.

Семейдегі №2 сот іс нәтижесінде айыпталушыға 25 АЕК (53025 теңге) көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ, ол зардап шегушіге моральдық шығын ретінде 20 мың теңге және өзге шығындар үшін 15 мың теңге беруі тиіс. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау