Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде өрттен қорғайтын қуыршақ пайда болды

Семейде өрттен қорғайтын манекен орнатылды.

2

-Өрт сөндіруші манекенді біздің суретшіміз бос уақытында жасаған. Оған  4 ай уақыты кетті. Енді осы манекен біраз уақыт тұрады деп ойлаймыз. Оған ешқандай ауа-райы әсер етпеуі керек, – деді Семей қалалық ТЖБ аға офицері Қымбат Көпбаев.

Қыршақтың салмағы – шамамен 20 келі тұрады. Алып қуыршақ ағаштан қашап жасалған. Оған өрт сөндірушінің киімін де кигізіп, өртке қарсы мекемедегі 25 метрлік мұнараға орнатылды.

Бұл нысан қос ғасыр бұрын тұрғызылған. Кезінде байланыс болмағандықтан өрт сөндірушілер осы мұнараның төбесіне шығып, түтін шыққан-шықпағанын бақылаған екен. Сондықтан орнатылған символ кейінгі ұрпаққа мұнараның атқарған қызыметінен сыр шертсе, қала жұртшылығына ол өрт қауіпсіздігін сақтауды естеріне салып тұрмақ.

 

 

Талқылау