Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде оқушылардың жаппай астан ұшынғанын мектеп басшылығы бір апта бойы жасырған

47-ші мектептің бастауыш сынып оқушылары жұма күнгі түскі астан кейін жаппай өздерін жайсыз сезінген. Сабақтан соң үйлеріне оралған оларды кешқұрым ата-аналары жедел жәрдеммен дереу ауруханаға жеткізіпті. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң үйлеріне жіберген. Бірақ балалардың беттері неден қызарып, сулана бөрткенін дөп басып айта алмапты,-деп хабарлайды ктк арнасы.

семей111

«Жұмадан бастап балалар жаппай келіп жатыр. Алайда не болғанын білмейміз. Күйік не аллергия деді»,- Семей қаласының тұрғыны Зульфия Қасымжанова.

Ал ата-аналар балаларының ұшынғанына мектеп асханасын кінәлап отыр. Олар бар кесір сол күні тұтынған күріш пен сусыннан болды деген пікірде. Бір қызығы, бас-аяғы үш күннің ішінде 55 бала ұшынса да, түк болмағандай мектептің асханасы қызметін жалғастыра берген. Тіпті бұған оқу ордасының басшылығы көз жұма қараған сыңайлы.

«15-і күні мен бұларды сотқа бердім. Содан бастап мұнда шу басталды. Әйтпесе, бір күн жабылса да, қайтадан бәрі ашылған. Мен барып ІІБ-на арыз түсіргенде, олар маған бірінші рет естіп тұрғанын айтты»,-Семей қаласының тұрғыны Гүләр Жамилова

Балаларының денсаулығына алаңдаған жұртқа мән-жайды түсіндіретін жан табылар емес. Бүгін де асханаға тексеріс жүргізіп, артынша жұртпен кездеспекші болғандар төбе көрсетпей қойды. 50 шақты ата- ананы тар бөлмеге тыққан мектеп директорының өзі орнында жоқ. Оның әкімдікке кетіп, қайта келерге көлік таппағанын айтып ақталған ұжым жұрттың күлкісін келтірді.
“Қазір дамыған заман ғой. Такси бар. Келе алмаймын деген ол сылтау емес”,-дейді ата-аналардың бірі.

Осылайша, басшылықтан бастап мектеп асханасының қожайыны да дүрліккен дүйім елдің алдына шығуға жүректері дауаламады. Қазір бұл іске қатысты прокуратура тексеріс жүргізуде. Сондықтан оқушылардың неден ұшынғаны алдағы уақытта айтылмақ.

Талқылау