БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде оқушы қызға бейәдеп қылық көрсетті деп айыпталған мұғалім кінәсіз болып шықты

Семейде 7-сынып оқушысына азғындық әрекеттер жасамақ болды деп айыпталған мұғалімге қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, Семейдегі № 30 мектептің жетінші сынып оқушысы денешынықтыру пәнінің мұғалімі өзіне «қырындағанын» айтып, директорға арызданған. Кейін қыздың ата-анасы осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына шағым түсірген еді.

Аталған шағым негізінде «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша іс қозғалды. Осы кезде тергеу жұмыстары аяқталып, мұғалімнің әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық деректерінің болмауына байланысты іс тоқтатылды. Ал уақытша жұмыстан шеттетілген ұстаз жұмысына қайта кірісті. «ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс қаралды. Тергеу нәтижесінде мұғалімнің тарапынан ешқандай құқықбұзушылық әрекет анықталған жоқ. Сондықтан іс тоқтатылды», – деді ШҚО ІІД басшысының орынбасары.

Оқи отырыңыз:

Shazam бағдарламасына қазақ әндері енгізілуі мүмкін

Қыздың құны: Қазақстанда қалың мал бағасы қанша теңгеден басталады

Шілде айынан бастап Алматы – Талдықорған тас жолы ақылы болады

Загрузка...
Қазір оқып жатыр