Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде мәйіті табылған көпбалалы ананың өлімінің себебі айтылды

ШҚО ІІД көпбалалы ананың өліміне қатысты мәлімет жариялады, деп жазады Stan.kz

“102 қоңырауына қала тұрғыны хабарласып, Ертіс өзені жағасынан әйел адамның мәйіті табылғанын айтты. Жедел іздеу тобы келіп, мәйіттің іздеудегі әйел екенін анықтады. Ол Семей қаласының 1980 жылы туған тұрғыны екені белгілі болды”,  деді ІІД-де.

Мәйітте зорлық белгілері болмаған. Құқық қорғау органының мәліметінше, алдын ала болжамға сәйкес әйел суға тұншығып көз жұмған. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, 38 жастағы әйел үйінен шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Өзімен бірге телефонын да, құжаттарын да алмаған. Әйел 20 тамыздан бастап іздестірілді. Бүгін мәйіті табылғаны хабарланды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау