Семейде Lexus жүргізушісі аулада жолын жауып қалған жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты

Жексенбі, 18 Маусым , 2017 10:28

Семейде аулаға кіріп келген 34 жастағы көлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне тіреліп қалады. Ер адам жедел жәрдем машинасын жолдан алып тастауды талап етеді. Қарсылықтан кейін ол жүргізушіге жұдырық ала жүгірген.

6ddbd4c4d6c452fcbcc1ddceccf0e541_crop_l_6_t_9_w_1270_h_714

Фото: bnews.kz

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Оқиға 14 маусым күні сағат 23:00-де болған. Жедел жәрдем бригадасы Дулатов көшесіндегі пәтерлердің біріне келген. Медбике науқасқа кіріп кеткен кезде, аулаға Lexus RX300 маркалы көлік кірген. Иномарканың иесі жолынан жедел жәрдем көлігі алып тастауды талап етеді. 57 жастағы жүргізуші кез-келген сәтте дәрігерлердің келіп қалуын айтып, жағдайды түсіндірмек болған. Қарсылықты ести салысымен ашулы ер адам жүргізушіге жұдырық ала жүгірген.

“Дене жарақатын салу фактісі бойынша ҚР ҚК 293 “Бұзақылық” бабы бойынша іс қозғалды. Күдікті бұзақылық әрекеті үшін айыпталып отыр. Ол 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазір сараптама тағайындалып, тергеу шаралары жүргізілуде”, – деп хабарлады ІІД.

Оқи отырыңыз:

Тәрбиеші көп сөйлеген бүлдіршіннің аузын скотчпен жауып өлтіріп алды

ОҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, 5 адам қаза тапты

Алматыда жол апатынан көлік тізгініндегі қыз аяғынан айырылды (видео)

Алматы маңында қазақ жігіт тікелей эфирде өз-өзіне қол салды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар