Семейде күйеуімен ұрысып қалған келіншек сәбиін өзенге ағызып жіберді

Дүйсенбі, 24 Қазан , 2016 21:53

Семейде 22 жастағы келіншек шынашақтай қызын Ертіске ағызып жіберді. Күйеуімен жанжалдасып қалған ол өз-өзіне қол салмақ болған. Баласын құшақтап өзенге секіргенде нәрестеден айырылып қалған, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

8950763

Фото: Алексей Мальгавко

Оқиға түнгі үште болыпты. Жолдасымен ұрсысып, ашуға булыққан әйел баласын алып үйінен шығып кетеді. Артынша, құшағындағы 1  жарым жастағы сәбиімен қоса Ертіс өзеніндегі қауіпті аумаққа жеткен. Есін жинап өзі жағаға шыққанымен, ағыны қатты суда қолындағы баласын жоғалтып алған екен. Әзірге ерлі- зайыптылардың арасындағы өлімге итермелеген кикілжіңнің неден туғаны белгісіз.

Қазір бұл іске жергілікті полиция араласып, тергеу жүргізіп жатыр. Егер қасақана кісі өлтіруге оқталғаны дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал таңнан бері іздеуге кіріскен сүңгуірлер қыз баланың денесін таба алар емес.

– “Ағын қатты, жағада тұратын жер жоқ. Ағын алысқа алып кетті деген ойдамыз”, – дейді құтқарушы Ринат Бабажанов.

Жіберіп алмаңыз:

Қалыңдық комадан есін жиған соң жалаңаш күйінде тұрмысқа шықты (фото)

Қостанайда көлігіне балағат сөз жазып алған жүргізуші жазаланды

Салмағы 500 кг-ға жеткен әйел президенттен көмек сұрады (фото)

Ата-аналарға кеңес: балаңызға ойыншық таңдай білесіз бе?

Көкшетауда 20 жастағы студент қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды

Қазақстандықтар ұрық доноры болу арқылы қалай ақша табады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар