Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде құтырған ит өз иелерін қауып алды

Оқиға 23 маусым күні болған. Ит үй ауласында үш әйелді қауып алған. Оларды иттен полицейлер мен құтқарушылар арашалаған.

kusaet-sobaka-1

Сурет: enigma-project.ru 

«Иттің қарғыбауы үзіліп кетіп, сол үйдің әжесін, қызы мен немересін қауып алған. Оқиға орынан жедел жеткен полицейлер итті ұстап, соңында өлтіруге мәжбүр болды», – деп хабарлады Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында.

65, 47 және 28 жастағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, зардап шегушілер иттің құтырма ауруымен ауырғанын айтқан.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтауда 6 жасар баланы қаңғыбас ит қауып алған

Терісі тірідей сыпырылған иттің суретін жариялаған жігіт болған жайтты айтып берді (видео)

Талқылау