Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде көпірден суға секіріп кеткен ер адамды сүңгуірлер іздеп жатыр

Семейде аспалы көпірден Ертіс өзеніне секіріп кеткен ер адамды сүңгуірлер іздеп жатыр. Оқиға 16 сәуір күні таңертең болған. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мен судан құтқару қызметінің ақпаратына сәйкес, таңғы сағат 9-да белгісіз ер адам аспалы көпірден суға секіріп кеткен.

Семейде көпірден суға секіріп кеткен ер адамды сүңгуірлер іздеп жатыр

Бұл туралы Семей қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазір көпірден секіріп кеткен ер адамды сүңгуірлер ісдестіруде. Ал жәбірленуші туралы мәліметтер әлі белгісіз.

«Оқиға туралы бізге куәгерлер айтып берді. Қазір іздеу жұмыстары жүргізілуде. Ол адам суға секірді ме, жоқ па – белгісіз. Егер мұндай факт болса, менің ойымша кешке қарай оның туыстары адамның жоғалғаны туралы хабарлайды. Қазір көпірден секірген азаматты табу үшін сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр», – дейді Семейдегі судан құтқару қызметінің басшысы Қуанышбек Байтуғанов.

Ол сондай-ақ, заң бойынша үш күн бойы ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Астанада 1500 оқушыға арналған Сингапур мектебі салынбақшы

Исекешев: Әкімдік бірінші жартыжылдықтан бастап қызметтік автокөліктерді қолданудан бас тартады

ШҚО-да мас күйінде көлік жүргізген әкім орынбасары 19 жастағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Қостанайда полиция қызметкері қызғаныштан өзімен бірге тұратын қызды пышақтап, өзіне қол салған

Талқылау