Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде көпірден секірген апталдай азамат тірі қалды

Семейде апталдай азамат аспалы көпірден секіріп кетті. Өзіне қол салмақ болған 34 жастағы жігіт Ертіске құлап, тірі қалды.

ce5f ctr3huty

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Оқиға куәгерлері көпірдің басына шығып алған жігітпен тілдесіп те үлгермеген. Бірден өзенге қарғып кеткен ол қайта мұзға емес, суға түсіпті. Жігіт 20 метрдегі жағалауға өзі шығуға жанталасқан екен. Сөйтіп, келесі беткейде орналасқан аралға аман жеткен азаматты құтқарушылар бері қарай қайықпен алып өтті.

Күн 15 градус суық болғандықтан қатты тоңып қалғаны болмаса ешқандай жарақат алмаған . Секірмес бұрын батылдық үшін ішімдіктен ұрттап алғаны белгілі болды. Қазір ауруханаға жатқызылған оның, бұл әрекетке не үшін барғаны тексерілуде.
«Осы көпірдің биіктігі 30 метрден көп болады. Енді, бұл азаматтың аман қалғаны өте сирек жағдай. Бүгінгі таңда қуанышты жәйт деуге болады»,-дейді Семей қалалық ТЖБ аға офицері Қымбат Көпбаев

Талқылау