Семейде көлікті жүйтки айдаған жүргізуші әкесі мен ұлын қағып өлтірді

Семейде екі жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Семейде көлікті жүйітки айдаған жүргізуші әкесі мен ұлын қағып өлтірді

«ВАЗ 2114» автокөлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелінен өтіп келе жатқан 28 жастағы ер адам мен оның 9 жасар ұлын қағып кетті. Бала оқиға орнында, ал әкесі ауруханада көз жұмды. Қатты жылдамдықпен келе жатқан автокөлік жүргізушісі тежегішті басып үлгермеген.

Қазір екі адамды қағып өлтірген жүргізушінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша іс қозғалды.

«Оқиға маусымның 9-ынан 10-ына қараған түні, сағат 01:30 шамасында Абай көшесінде тіркелді. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Семей қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар