Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде тегін “дүкендер” желісі ашылады

Семейде “Бәрі рахмет үшін” деген дүкен ашылды. Акция ұйымдастырушылары – қаланың үкіметтік емес ұйымы екен.

4f9ebd460896a56522e9b8694d7a1da8

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Әлемдік дағдарыс қарсаңында бұл дүкен бірінші кезекте Семейдің аз қамтылған тұрғындарына көмектеседі. Жергілікті БАҚ арқылы заттардың қашан бастап жиналатыны және оларды қабылдау уақыттары хабарланды.

“Елжан” және “Северный” сауда орталықтарының басшылары арнайы сауда алаңқайын беріп отыр. Қазіргі таңда жарақтандыру жұмыстары жүріп жатыр. Дүкенде негізінен киім, аяқ киім және кеңсе тауарлары сатылады.

“Қайырымдылық дүкенінің ашылуы 3 ақпанға жоспарланып отыр. Мен азаматтарды бұл ерекше акциядан тыс қалмауға шақырамын. Өздеріңіздің шаң басқан, ескірген шкаф тағы да басқа заттарыңызды әкелсеңіздер болады. Бұл үшін көп адам қуанышқа бөленер еді”, – дейді “Отбасы орталығы” қоғамдық қорының басшысы Людмила Асташкина.

Талқылау