Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде қар суы үйлерге кіріп қабырғаны құлатты

Семейде екі бірдей ықшам аудан су астында қалды. Күн күрт жылығандақтан қыс бойы шығарылмаған қар еріп, қызыл су көшелермен бірге, үйлерге де кіріп кеткен. Дүние-мүлік суда қалқып, ылғалдан қабырғалар да сөгіле бастапты, – деп хабарлайды КТК арнасы.

0жд

Құлаған үйлер, су бетінде қалқып жүрген жиһаздар. Су басқан Семейдің кейбір ықшам аудандарындағы көрініс осы. Бұл үйлердің тұрғындары пәтер жағалап, безіп кеткен. Өйткені, баспаналар суға толып, құлаудың аз-ақ алдында тұр.

“Бәріне хабар бердік. Ешкім келмеді. Міне, үйдің қабырғасы құлап жатыр”, – дейді Семей қаласының тұрғыны Бибігүл Жұмағалиева.

Зар қақан жұрт көктемде топан судың астында қалатындарын біліпті. Себебі, көшелеріне қыс бойы қар тазалайтын техника жуымаған. “Қар қалың болды. Оны ешкім тазартқан жоқ. Міне, толық еріп үлгерместен су астында қалдық. Ал, ана үйілген қар жаңбыр жауып ерісе мүлдем масқара болады. Күнде Құдайға сыйынып ұйықтаймын”, – дейді Семей қаласының тұрғыны Надежда Плотникова.

Апатты аймақта жүрген құтқарушылар жергілікті билік жауапсыздығының өздеріне жүк болғанына ызалы. Бүгінде олар жедел штаб құрып апат салдарын жоюға көшкен. Ал, үйсіз қалғандарға уақытша баспана жағынан жәрдем беруі тиіс шенеуніктер әзірше бәрін реттейміз дегеннен әріге бармады.

“Кирпичный көшесі бойынша өтініш түсті. Сол тұрғындардың біраз бөлігі мәжбүрлі түрде көшіп кеткен. Біз шлак апардық. Олар қажет қылмады. Өйткені, оны жаятын адам жоқ екен. Сондықтан ол мүмкіншіліктерді қарастырамыз”, – дейді Семей қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұржан Есенжолов.

Осы кезге дейін қар шығаратын техникалар орталық көшеден босамағанын атқарушы билік өкілдері мойындауда. Сондықтан су басқан аймақтардағы қарды тыным таппай тазалап тастауға енді кірісіп жатыр. Ал, оған дейін семейліктерге сирағынан келген суық суды кеше тұруға тура келеді.


Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды облысында екі бірдей ауданды топан су басты

Астанада арнайы жасақ қызметкері бөлімшеде асылып қалған күйінде табылды

Астаналық полицей шетел азаматтарының қалтасын қағып келген

Елімізде айлакер жігіт біреудің суретін иемденіп, фото байқауда жеңімпаз атанған

Талқылау