Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде ескі көпірдің бір бөлігі опырылып кетті

Семейдегі ескі көпірдің бір бөлігі құлап кетті. Көпірде көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көпірден өтіп бара жатқан адамдар өткелдің бір бөлігінің құлағанына куә болды. Бұл кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Куәгерлер түсірген бейнежазбада көпірдің қатты зақымданғанын көруге болады. 

Қазір көпірде көлік қозғалысына тыйым салынған. Бұл оқиғаға әкімдіктен түсініктеме берілді.

"Бүгін сағат 20:00-де автокөпірдің оң жақ тротуар бөлігінде жаяу жүргіншілер тақтасы сынып кетті. Қала әкімінің орынбасары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері, жол -патрульдік қызмет көпірге барып, олқылықтарды тексерді. Қазір көпірде қозғалыс тоқтатылды", – деп мәлімдеді қала әкімдігі желідегі парақшасында.

Талқылау