Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде ер адам әйелдердің купальнигін ұрлап алып, оны үстіне киіп жүрген

Семейде 30 жастағы ер адам әйелдің купальнигін ұрлап киіп, жағажайға демалуға барған. Тәртіп сақшылары ұрыны ұстап алып, заттай айғақпен бірге полиция бөлімшесіне жеткізді, деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Семейде ер адам әйелдердің купальнигін ұрлап алып, оны үстіне киіп жүрген

«Семейлік ІІБ-ге белгісіз біреулердің қаладағы базарлардың біріндегі сауда орнының құлпын бұзып кіріп, 900 мың теңгенің заттарын ұрлап кеткен», – делінеді ведомство хабарламасында.

Ұрланған заттардың ішінде купальник те болған. Қатты ұнаса керек, ұры оны үстіне киіп алыпты.

Полиция қызметкерлері бір апта бойы ұрылардың тұлғасын анықтады. Нәтижесінде ұрыны жағажайда демалып жатқан жерінен ұстаған.

«Жауап алу кезінде ұсталған ер адам әйелдер купальнигінің ерлердің «борцовка» аталатын киімін есіне түсіргенін, сондықтан киіп алғанын айтты», – дейді полициядағылар.

Семейдің 30 жастағы тұрғыны купальник пен басқа заттардан бөлек, көршілес дүкеннен бір қап картоп, бір жәшік қияр мен қызанақ ұрлағанын мойындады.

Ер адам бұған дейін жасаған ұрлығы үшін бірнеше рет сотталған. Қазіргі уақытта ол тұтқындаоып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау