Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде екі бойжеткен дүкеннен 72 мың теңгенің киімін ұрламақ болған

Семейде 24 жастағы екі бойжеткен сәнді киім кигісі келіп, дүкендегі киімдерді ұрламақ болған. Олар дүкеннен сомасы 72 мың теңге болатын киімдерді таңдап алған.

киім

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Екі қыз киім өлшеп көретін бөлмеде тауарлардың магнитті жапсырмаларын маникюрге арналған қайшымен алып тастаған.

Дүкен қызметкерлері қашпақ болған қыздарды ұстап алған. Сот отырысында жәбірленуші жақ қыздардың кесірінен тауарлардың бүлінгенін айтқан.

Сот айыпталушылардың мүлкін тәркілеп, бір жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтауда тұрғынның дүкен кассасынан ақша жымқырғаны камераға түсіп қалды (видео)

Шымкентте алаяқ тұрғындардың банк карточкасынан ірі көлемдегі ақшаны ұрлап кеткен

ОҚО-да ер адам пойыз жолаушысының 1 миллион теңгесін ұрлап кеткен

Оралда 4-сынып оқушысы көліктерді бұзып, ашқа ұрлап келген

Талқылау