Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде екі әйел аялдамада аяусыз төбелесті (видео)

Желіде екі семейлік әйелдің бір-бірін аяусыз ұрған төбелесінің видеосы жарияланды. Оқиғаны кездейсоқ көріп қалған куәгер үйінің терезесінен төбелесті видеоға түсіріп алған.

Безымянный

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Видеодан әйелдердің шаштарынан жұлысып, тіпті бірінің екіншісінің басын дүңгіршектің бұрышына, сосын жерге соққанын көруге болады. Ал, төбелесті көрген адамдар оларды ажыратуға асыға қоймады. Тіпті видеоға түсірушінің «Ажыратыңдар» деген сөзінен кейін де ешкім оларға ара түспеген. Қуанышқа орай, оларды дәл сол жерден өтіп бара жатқан полицейлер байқап қалып ажыратқан.

«Оқиға 23 сәуірде болған. Бірін бірі жағадан алған әйелдерді кәмілетке толмаған жасөспірімдер ісін қарайтын полицейлер ажыратқан. Аталған іске байланысты «Бұзақылық» бабы бойынша қыллмыстық іс қозғалды. Енді оған 2000 АЕК көлемінде (4 миллионнан астам) айыппұл салынады. Немесе осы соманы жұмыс істеп өтейтін болады. Болмаса 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.

Полиция бөлімінде әйелдердің не үшін төбелескендері анықталған жоқ.

Иван Сухоруков

Талқылау