Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде бүтін бір ауылды қар басып, жұрт үйлерінен шыға алмай қалды

Семейдің іргесіндегі Приречный ауылында ұзын бір көшені қар көміп тастады. Осыдан кейін тұрғындар баспаналарына кіріп-шығуы қиындап кеткен. Ал, жергілікті атқамінерлердің жұртты бұл тығырықтан шығаруға қауқары жоқ. Шенеуніктер қаражаттың жоқтығын айтып, ауыздарын қу шөппен сүртіп қана отыр,-деп жазды КТК арнасы.

қарррр

Қардың қалың түскені өз алдына, апта бойы азынаған боран да жығылғанға жұдырық болды. Қазір мұнда ұйтқыған желден жиналған ақ ұлпаның биіктігі 4 метрге жетіп жығылады. Соның кесірінен, 20-ға жуық түтіннің қора-қопсылары түгелдей көміліп қалған.

Тіпті, ұзындығы 1 шақырым болатын көшені аршуға ауылдық әкімдіктің шамасы жетпеген. Көмек сұрап барғандарға, ондағылар қолдарында қаражат жоқ деп, қу шөппен ауыз сүртеді екен.

«кіметтен ақша бөлінбеді деп айтуға болмайды. Өйткені, есеп бергенде, қар шығардық деп жатады. Ал оның жатысы мынау. Олардың қай жерден шығарып жүргендерін білмейміз»,-дейді Приречный ауылының тұрғыны Алмагүл Толымқожина

Әкімдіктегілер қар астынан шыққан жанайқайды естіп отырмыз деп ақталды. Айтуларынша, көміліп қалған тұрғындарға қол ұшын созу үшін қомақты қаржыны да тауып қойған.

«Октябрьская көшесіне ақша бөлінді. 1 млн. 145 мың теңге. Бұл ақшаны конкурсқа қоямын. Одан кейін ол көшені тазалаймыз»,-дейді Приречный ауылдық аймағының әкімі Алғатай Байдомалақов

Әкім бұл конкурс бір жұманың ішінде өткізілетінін айтты. Сол жеңімпаз көшедегі үйілген қарды толық тазалауға міндеттелмек. Ал, құрғақ уәдені үйіп төгетін ауылдық биліктің сөзіне тұрғындар сенбей отыр. Олар, іс сиырқұйымшақтанып кетсе, көктемде су астында қаламыз ба деп те алаңдаулы.

Оқи отырыңыз:

Сүйегі табылған қазақстандық жауынгердің қалтасынан Құран кітабы шықты

“Астана” клубының бұрынғы футболшысы: Шынымды айтсам, Қазақстанда тек ақша үшін ойнадым

«Әумин!» дегені үшін жаңаөзендік азаматқа 113 мың теңге айыппұл салды

Шымкенттік азамат адам ағзасына таптырмас ем ретінде қоңыз сатып жүр

Талқылау