Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде боксшыны сабап өлтірген қаңғыбас әйелге қатысты сот үкімі шықты

Семейде бокс жаттықтырушысын өлімші етіп сабаған қаңғыбас әйел сотталды. Шиеленіскен бұл істің тергеу амалдары бір жылға жуық уақытқа созылды.

71fedab63af785d66a77775d22ee8211

Бұл туралы Экспресс-К хабарлады.

Боксшы өзінің өмірін қиған әйелмен өткен күзде танысқан. Екеуі де ішімдікке әуес болса керек-ті. Жаңа танысы боксшыға бірге ішімдік ішуге ұсыныс жасап, артынша екеуі жанжалдасып қалған. Тергеу жұмыстарының нұсқасы бойынша, қаңғыбас боксшының басынан ұрып, нокаутқа жіберген. Одан кейін әйел спортшының барын алып ізін суытқан.

Келесі күні қаңғыбас әйел боксшыны сол жерден тауып алған. Оған арақ ішкізіп, артынша екеуі қайта ұрысып қалса керек-ті. Бұл жолы әйел мұржаның үстіне шығып алып, ер адамның кеудесінен бірнеше мәрте секірген. Бокс жаттықтырушысы сол жерден жан тәсілім етті.

Айыпталушы соңына дейін өз кінәсін мойындамады. Оның пайымдауынша, әйел боксшыны тауып алған кезде оны әлдебіреулер соққыға жығып кеткен екен. Әйелдің өз кінәсін мойындауына тергеуші себепкер болды.

Ақырында өз кінәсін мойындаған қаңғыбас әйел алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Илья Миллер

Жіберіп алмаңыз:

Ұзынағаштағы қанды оқиғаға қатысты істе басты күдікті Сүлейменовтің әйелі де айыпталуы мүмкін

Лаңкестерді өлтірген ақтөбелік «Жыл полицейі» атанды

Оралда өз қатарластарын зорлаған оқушы 10 жылға сотталды

Оралда кішкентай қызды ұрлап әкеткен 74 жастағы қарияға сот үкімі шықты

Талқылау