Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде берешегі көп тұрғындар әжетханаға кіре алмай қалды

Семейде коммуналдық мекемеге берешегі бар тұрғындар кәріз жүйесінен жаппай ажыратылып жатыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

вмвм

Өйткені, жұрт жылусыз қалса да төлем жасауға асығатын емес. Енді жергілікті билік олардың жылу құбырын кеспей, әжетханадан қағуда.

Бүгінде семейліктердің жылу үшін берешектері 342 млн. теңгені құрап отыр. Кеш құрым олардың үйін жеке-жеке аралағаннан бастықтар да шаршаған. Борышкерлерге өз қолдарымен төлем қағаздарын таратып ескерту жасаған екен. Алайда, онысынан қайран болмады.

Енді борышкерлер төлем жасаған күннің өзінде кәріз жүйесін бітеген шығынды қоса өтеуге міндеттеліп отыр. Бүгін жергілікті әкімнің орынбасары өзі төбеге шығып 5 қабатты қос жатақхананың борышкерлерін ажыратып тастады. Себебі, мұндағы жұрттың коммуналдық мекемеге қарызы шамамен 2 млн теңгеге жеткен.

Оқи отырыңыздар:

Министр 2017 жылы енгізілетін ҰБТ жаңалықтарын түсіндірді

Желіде Ұзынағашта қаза тапқан Қадылбек Әлімханұлы орындаған ән жарияланды (видео)

Талқылау