Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде әскери қызметкерге бір ай жұмысына келмегені үшін айыппұл салынды

Семейдегі әскери сотта сержанттың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша  үкім оқылды. Келісім шарт бойынша әскери борышын өтеуші  жұмыс орнына бір ай бойы келместен, Астанада қыдырып жүрген.

военныййй

Бұл туралы  YK-news.kz сайты әскери сотқа сілтеме жасай отырып жазады.

Сотта көрсетілгендей 29 жастағы әскери қызметкер  азаматтардың  электронды нұсқадағы арыз-шағымын тіркеуге алуды міндеттелген. Біраз уақыттан кейін сержант  өз командиріне  заңды әрі жеке тұлғалардың атынан келген хаттарын әскери прокуратураға өткізуі қажет екенін айтып, алдап соққан. Астанаға келген жігіт сол жерде бір айдай уақытын өтікзген. Сот сержанттың Астанада уақытын ойын-сауық құрумен өткізгенін дәлелдеген.

Сот «өз қызмет орнын ерікті түрде еш ескертусіз тастап кету» бабы бойынша іс қозғаған. Сотта айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындаған. Сот оған 500 АЕК (1060500 теңге) айыппұл салды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Талқылау