Семейде әкесі 5 жастағы өгей қызын айуандықпен өлтірген

Семей тұрғыны ауыр қылмысы үшін 19 жылға сотталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі маманданырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2017 жылдың 29 желтоқсанында болды. Қаленов сол күні «Қазына» сауда үйіне келіп, әйелінен үйдің кілтін алып кетеді. Өзімен бірге 5 жастағы өгей қызы Айшаны алып кетеді. Жол бойында дүкеннен сыра алып ішеді. Оған мазасызданған қызы арақ ішпеуін сұрайды. Сол кезде әкесі ашулықпен қызын өлтіруге бел буады.

Ол қызды қабырғаға басымен, денесімен қатты ұрады. 27 рет жарақат алған қыз сол жерде мерт болған.

Ер адам қыздың анасымен 2017 жылдан бері бірге тұрады. Айыпталушы 19 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар