Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде 8 жасар қыз сөзді керісінше айту қабілетіне ие

Семейде Аделия  есімді қыз сөздерді керісінше айта алады, 8 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейде 8 жасар қыз сөздерді керісінше айту қабілетіне ие

Аделия Абылқасымова 3-сынып оқушысы. Ол сөздер мен сөйлемді сол арада кері айтып бере алады. Ата-анасы қызының бұл қабілетін бұрын байқаған. Алайда мән бермей, балалығына балаған. Кейін ұзақ сөйлемдеді де мүдірместен кері оқыған соң, дайындай бастайды.

Қызығушылық танытқандар Аделияға небір сөйлемдер айтып, кері оқуын сұрап жатады. Бүлдішін қыз мүдірместен кері оқып береді. Ол сөйлемдерді оқыған кезде сөздердің көз алдына елестеп тұратынын айтады. Болашақта ғалым болғысы келеді. Қазақстандағы Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін жаттығуда.

“Сабақты үздік оқимын. Барлық пән ұнайды. Өскенде адам анотомисын зерттейтін ғалым болсам деймін. Көпшілік менің  қабілетіме қызығып, кері айтуымды сұрап жатады. Мен олардың өтінішін орындауға ерінбеймін”, – дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау