Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде 2 литрлік шыны құтымен баланың басын жарған әйел сотталды

Семей тұрғыны 10-қабаттың балконынан 2 литрлік шыны құтыны лақтырып жібергені үшін сотталды.

Семейде 2 литрлік шыны құтымен баланың басын жарған әйел сотталды

Бұл туралы 24.kz арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға былтырғы жылдың жазында орын алған.

Сотталушының сөзінше, ол шыны құтының ішіндегі жұмыртқаның қабығын тастамақ болған. Алайда құты қолынан түсіп кетіпті. Салдарынан шыны құты 9 жасар баланың басына түсіп, ол бас жарақатын алды. Сол кезде сотталушы мас болған көрінеді.

Сот оны 6 айға бас бостандығынан айырып, моральдық шығын ретінде 500 мың теңге төлеуге міндеттеді.

«Құтының өз салмағы бар. Ол тартылыс заңы бойынша төменге құлайды. 10 қабат биіктіктен, ал бұл жерге дейін шамамен 30 метр болады. Осы аралықта құты үлкен жылдамдықпен құлап, баланың басына тиіп, шағылған», – дейді жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірхан Сейілбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау