Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде 18 жастағы мектеп түлегі суға батып кетті

5 маусым күні 18 жастағы жігіт түскі ас уақытынан кейін “Мұрат” саяжайындағы тоған суына түсіп батып кеткен.

utonul

Бұл туралы Устинка «Live» хабарлайды.

Белгілі болғандай 18 жастағы семейлік суға жүзе алмаған. Ал қайғылы оқиға орын алған сәтте куәгер болған адамдар не үлгермеген, не оны құтқаруға қорыққан.

“Жас жігіт үрлемелі матраспен жүзген. Матрас бір жағына қарай ауып кетіп, жігіт 7 метр тереңдікке батып кетеді. Сірә, ол матрас үстінде ұйықтап кеткен болуы мүмкін. Оқиға сағат 16:20 шамасында болды, бірақ, біздің құтқарушылар оның денесін сағат 17:20 кезінде тапты”, – дейді аймақтың бас құтқарушысы Анатолий Рожков.

Аталған оқиғаға байланысты ШҚО ТЖД мамандары халықты суға түсу кезінде ережелерді қатаң сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз:

“Қорғас” шекара бекетіндегі екі жігіт арасындағы төбелес адам өліміне соқтырды (видео)

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам бақилық болды

БҚО-да емтиханнан төмен баға алған оқушы өзіне қол жұмсады

80 жастағы әжей соққыға жығылып ес-түссіз жатқан жалғыз немересінің өмірі үшін күресіп жатыр

Талқылау