Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семей ядролық полигонындағы көл туризмді дамытуға мұрындық болмақ

Семей ядролық палигоны аумағындағы атом көлі Курчатов қаласы кәсіпкерлері үшін үміт көліне айналып отыр. Олар осы арқылы Шығыс Қазақстан облысында технотуризмді дамытпақшы.

88449042ba263f9c113bd4c4e7d22bd3

© Алексей МАЗНИЦИН

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Ядролық палигонға мемлекет басшылары, дипломатиялық өкілдер, шетелдік туристер мен журналистер жиі келіп тұрады екен. Олар Ұлттық ядролық орталық музейіне бас сұғып, атом көліне, “Балапан”, “Дегелең” сынақ алаңдарына да табан тірейді. “Балапанда” жер сілкінісіне қатысты модельдеу жұмыстары атқарылып, мұнай фонтандарын өңдеу жұмыстары да жасалады екен.

165 жылы 15 қаңтарда жасанды су қоймасын құру үшін алғашқы өнеркәсіптік жарылыс Шаған және Ащы су өзендері бойында жасалған. Нәтижесінде ішіне су толған алып шұңқыр пайда болған. Кейінірек бұл ойық атом көлі деп аталып кеткен.

“Бұл керемет көл. Кезінде мұнда сазан мен қарабалық та жүзетін. Көлде атом энергиясы институтының балық аулау бригадасы да жұмыс істеген. Керек десеңіз, ондағы балықтар жеуге өте жарамды болды. Ал мен өзім әлі күнге сол атом көлінде шомыламын. Су таза, онда ешқандай радионуклидті заттар жоқ”, – дейді радиациялық қауіпсіздік институтының өкілі Сергей Субботин.

“Біздің қала технотуризмді дамыту үшін керемет мүмкіндікке ие. Бұрынғы ядролық полигонға кіріп-шығу еш қауіпсіз. Экскурсия барысында адамға әсер ететін радиация мөлшері бар болғаны адамның әуеде ұшқандағы алатын мөлшерімен бірдей. Алғашқы кезеңде біз жылына 5 мың турист қабылдауды жоспарлап отырмыз”, – дейді Курчатов қаласының әкімі Нұрбол Нұрғалиев.

Талқылау