Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семей тұрғыны дәрігерлер қателігінен мүгедекке айналған

Екі жыл бұрын Семейдің 40 жастағы тұрғыны Владимир Демин өзін жайсыз сезініп, дәрігер шақырады. Оны ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер мидағы кеселін анықтап диагноз қояды.

олбрпп

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Осы сәттен бастап Владимир Деминнің өмірі мүлде басқаша болып шыға келді. Ол аймақтық онкологиялық диспансер есебіне тұрғызылған. Дәрігерлер оның небәрі екі-үш апта өмірі қалғанын да жасырмаған. Бірақ ақ халаттылар қателескен: жеті ай өткен соң Владимир қайтадан тексеруден өтіп, оның миында ешқандай метастаздың жоқ екені анықталады. Ол шын мәнінде қабақ астына құйылған қаннан зардап шеккен екен.

Нәтижесінде, нейрохирург пен онкологтың дұрыс диагноз қоймағаны және Владимирдің денсаулығына кері әсер тигізіп оны бірінші топтағы мүгедекке айналдырғаны анықталады. Ол қазір өздігінен жүре алмайды және еңбекке жарамсыз.

Сотта Демин дәрігерлерден моральдық және материалдық шығынның өтемақысы ретінде 8 млн теңге талап етті. Ол емделген медициналық мекемелер болса, жауапкершілікті бір-біріне жолдап әлек. Сот Деминге ақыры 330 мың теңге төленуі керек деген шешім шығарған.

Татьяна РЯЗАПОВА

Талқылау