Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семей тұрғыны анасын ренжіткені үшін 10 күнге қамауға алынды

36 жастағы Семей тұрғыны анасына балағат сөздер айтқаны үшін 10 күнге түрмеге отырмақ.

1402460_800

Сурет: qkempek.livejournal.com 

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Семейлік азаматтың анасы ұлы өзін балағаттағаны үшін полицияға хабарласқан. Сот шешімі бойынша азамат  10 күнге қамауға алынды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұл семейлік азаматтың анасымен сөзге келген бірінші оқиға емес. Бұған дейін осыған ұқсас жағдай үшін ол 3 күнге абақтыға жабылған. Ол еш жерде жұмыс істемейді және спиртті ішімдіктер ішеді екен.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда анасын балағаттаған екі азамат сот алдында жауап берді

Талқылау