Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семей тұрғындары мен қонақтары әуежайдағы “УЕЖАЙ” сөзіне қайран қалды

Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары әуежай маңдайшасындағы “Уежай” сөзіне қарап таңырқап қалды. Сөздің басындағы бір әрпі түсіп қалып, мағынасы күрт ауысып шыға келген.

pogudx2r1qlhm9s2mg.82dacdb7-01

Бұл туралы 31.kz хабарлайды.

Әуежайдың басына жазылған “Уежай” сөзі тез арада интернеттегі уытты әзілге айналып шыға келді. Қонақтарды ыңғайсыз күйге түсірген осы сөз үшін, әуежай басшылығы кешірім сұрады.

“Қаңтар айында бізде күшті жел тұрды. Ол дауыл ақпан айында да тоқтамады. Әуежай маңдайшасындағы “әуежай-аэропорт” сөздерін жарым-жартылай жел жұлып әкетті. Қаржы бөлініп, қазір жазуларды қайтадан дұрыстадық. Жуық арада орынына ілеміз”, – дейді “Халықаралық Семей әуежайы” ЖШС директорының орынбасары Сергей Нигматуллин.

Талқылау