Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семей тұрғындары қар үшін айыппұл төлейтін болды

Семей тұрғыны қар үшін айыппұл төлемек. Егер кім де кім қарды тазалап, қала сыртына шығарып тастауға асықпаса, сол айыппұлдың астында қалмақ деп хабарлайды КТК телеарнасы.

снег11

Сурет ic24.kz

“Бізде жыл сайын пәтер иелері кооперативі келіп тазартып беретін. Ал өз күшімізбен мұны қалай істейміз”, – дейді қала тұрғыны Фархат Гачин.

Жекелеген үйлердің ауласы қазір қарға көміліп қалған. Тұрғындар қалың қарды ауласынан барынша тазалап, тысқа шығарған. Енді оны қашан коммуналдық қызметкерлер алып кетеді екен деп күтіп отыр. Ал полицейлер барлық қарды тұрғындар өздері арнайы полигонға апарып тастаулары керек дейді. Егер олай болмаса айыппұл салынады екен. Тұрғындар болса қарды шығару үшін көлік жалдаудың тым қымбатқа түсетінін айтады. Есесіне, айыппұл құны одан да жоғары. 10 дүкен иесі мен дәріхана қазірдің өзінде үйілген қар үшін жарты миллион теңге айыппұл төлейтін болды.

“Жеке адамдар үшін айыппұл көлемі 20 АЕК, ал ұйымдар – 30 АЕК төлейді. Егер, ірі ұйым немесе компания болса, олар 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеулері шарт”, – дейді Семей қалалық ІІД табиғатты қорғау полициясының инспекторы Мейірғазы Масалимов.

Талқылау