Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семей ауруханада жалғыз қалған әке тым болмағанда 5 қызының бірі келер деп үміттенеді

Семей ауруханасында ешкімі жоқ науқастарға арналған қамқорлық шарасы өтті. Егде жастағы науқастарға сыйлықтар таратылып, көңілдерін көтерді, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

ррр

66 жастағы Рустам Балжановичтің 5 қызы бар. Соған қарамастан ол жалғыз қалған. Шопан болып жүргенінде қыздары келіп тұрыпты. Кейін ауырып қалған соң барлығы жан жаққа қалаға кетіп содан қарайласпай кеткен.

«Бұрын жылқы байлайтынмын. Олар апта сайын келіп ет алып кетіп тұратын еді. Қазір ешқайсысы келмейді. Жатқаныма үшінші ай болды. Мен оларды кішкентайынан өсіріп, киіндіріп едім», – дейді әкесі.

Мұндай оқиғалар ауруханада жиі кездеседі. Бірін күйеуі, бірін балалары, бірін әйелі тастап кеткен. Зағип жан Станислав Конюхов не сыйлық алғанын көрмесе де, қатты қуанды.

«Соңғы рет сыйлықты жетімдер үйінде алып едім. Бәріне алғысым шексіз», – дейді Станислав.

Қазір ауруханада 36 науқасты медбикелер қарап отыр.

«Жалғыз қалған жандар қамқорлыққа мұқтаж келеді. Біз оларды аз да болса бақытты қылғымыз келді», – дейді «Үміт бар» қайырымдылық қорының еріктісі Руслан Жазыбаев.

Қалай дегенмен жалғыз қалған жандар өз жақындарының ықыласын сезінгісі келеді. Мәселен, Рустам Балжанович қыздары қайтып келсе, оларды кешіреге дайын екенін айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте жаңа некелескен әйелі бір аптадан соң күйеуінің бар ақшасын алып қашып кеткен

Қызылордада бейтаныс адамның қолынан кәмпит жеген балалар жаппай ұшынып қалды

Алматыда төбелескен жезөкшелерге айыппұл салынды

Арғын мен Дулат Қазақстандағы ең саны көп ру атанды

Талқылау