Семей әкімі үздік дәрігерді қалада алып қалу үшін оған пәтер сыйлады

Сенбі, 18 Маусым , 2016 16:18

Аймақтағы перинаталдық анестезиолог маманның қаладан баспана мәселесіне байланысты кеткелі жатқанын кездейсоқ естіген қала басшысы, жарты сағат ішінде үй проблемасын шешіп берген.

нррн

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Білікті анестезиолог және реаниматолог маман Сергей Асташкин жүздеген әйелдің өмірін құтқарып қалып, қаншама сәбидің аман-есен өмірге келуіне жол ашқан азамат.

“Біздің перинаталдық орталық – жоғарғы деңгейдегі медициналық мекеме болып саналады. Ауыр жағдайдағы әйелдер тек Семей қаласынан емес, облыстың әрбір ауданынан келіп түсіп, босанып жатады. Қандай қиын жағдай болмасын, әйелдер үшін барлығы сәтті аяқталады. Ал Сергей Александровичтей маманның арқасында соңғы бес жылда еш ана өлімі болған жоқ”, – деді орталық директоры Архат Дайырбеков.

Асташкин жүкті әйелдерді қарайтын аймақтағы бірегей маман. Ол әр күн сайын өмірге бала әкелетін нәзік жандыларды құтқарып жатыр. Оның әйелі де – акушер-гинеколог. Осы мекемеде босандыру бөлімінің меңгерушісі болып істейді. Жуырда Асташкинді Астанаға жұмысқа шақырып, баспана беруге уәде еткен. Ал ол Семейде пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Алайда бәрі аяқасты өзгеріп, дәрігерлер мерекесі қарсаңында қала әкімі оған жаңа үйдің кілтін табыстады.

щдщд

“Мен құттықтайтын тізімнен Сергей Асташкиннің тегін оқыған кезімде, залда отырғандар ерекше дүрілдетіп қол соғып шулады. Мен мұның себебін сұрағанымда, оның аймақтағы үздік дәрігер екенін, үйі жоқ болғандықтан Астанаға көшкелі жатқанын айтты. Біз ойлана келе, жарты сағаттың ішінде бұл мәселені шештік”, – дейді Семей қаласының әкімі Ермак Салимов.

Келесі күні-ақ, Асташкиндер қала әкімінің қолынан пәтер кілтін алған.

“Бұл күтпеген жағдай болды. Біз әрине пәтер туралы армандадық, бірақ мұншалықты тез орындалады деп ойламаппыз. Басныда сенбедік. Пәтерге қол жеткеніне қазірдің өзінде сену қиын”, – дейді ерлі-зайыпты Асташкиндер.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар