Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Селфи жасауға құмар адамдарда шынтақ буыны ауруы пайда болуы мүмкін

Селфи адам денсаулығына кері әсер етуі де мүмкін. Жуырда ғана медициналық форумдардың бірінде доклад жасалып, селфидің бет терісіне зиян келтіретіні айтылған.

afdca79fe378ffb445d368889e327fc0

Сурет popmech.ru

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Енді тағы да селфиге құштарлықтың соңы шынтақ буынын ауыртып тынуы мүмкін екендігі жайлы да ақпарат пайда болды. Журналист Хода Котб ауруханаға түсіп, оған “селфиден пайда болған ауру” деген диагноз қойған. Мұндай жарақаттар теннисшілер мен гольф ойыншыларында көбірек кездеседі екен.

Журналистің сөзінше, ол жақында қолының, әсіресе шынтағының ауырғанын сезе бастаған. Ауру шыдатпаған соң ортопедке барып көрінеді. Ол журналистен теннис немесе пинг-понг спортына қызығатыны туралы сұрайды. Хода ешқандай спорт түрімен айналыспайтынын, бірақ селфиді көп жасайтынын айтады.

gl

Сурет nakonu.com

Нақты диагнозын қойып берген дәрігер оған “өз-өзін суретке түсіруден” бас тартуды ұсынған. Сондай-ақ, ол Ходаға арнайы жаттығулар кешенін тағайындап, ауруды басатын препараттар жазып береді.

Талқылау