Селфи жасау үшін Лиссабондағы көне ескерткішке шығып алған турист оны қиратты

Сәрсенбі, 11 Мамыр , 2016 7:02

Лиссабон вокзалында селфи суретке түскісі келген турист Португалия королінің көне статуясын қиратты.

20160511002928

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жақында аты аталмай отырған турист Лиссабондағы Росиу вокзалында 126 жыл бұрын Португалия короліне орнатылған ескерткішті абайсызда қиратып алған. Саяхатшы селфи жасау үшін ескерткішке үстіне шыққанда, оның салмағын көтере алмаған статуя жерге құлап түсіп, қирап қалған.

Турист оқиға орнынан қашып кеткісі келгенімен оны полиция қызметкері ұстап алды. Алдағы уақытта ол сотқа тартылады.

Вандал қиратқан ескерткіш Сүйікті Себастьян I-ге арналған, ол 1578 жылы қазіргі Мрокко аумағында үш патшалықтың соғысында қаза тапқан.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар