Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Sekavaines: Мені қызым тастап кеткен кезде 22 кг салмақ тастадым

Желіде түрлі вайндар түсіріп танымал болған Серғазы Тоқтарбек (Sekavаines) осы күнге қалай келгені туралы Ләйлә Сұлтанқызымен өткен сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Sekavaines: Мені қызым тастап кеткен кезде 22 кг салмақ тастадым

Серғазының анасы оның бойындағы актерлік өнерді бала кезінен байқап, Жүргенов атындағы академияға оқуға түсуге кеңес берген. Алайда Серғазы актерлердің барлығы ішімдікке жақын болады деген ойдан кейін актерлік оқуға тапсырудан бас тартып, аспазшы болуды жөн көрген.

«Мен поварға оқып келдім. Өзбек мейрамханасында аспаз болдым. «Promenade»-та пицца жасадым. Артынша «Туран» университетіне қаржыгер мамандығына тапсырдым», – дейді Серғазы.

Аспаз болған кезінде өзінің «семіріп» кеткенін жасырмаған вайнер, бүгінгі таңда артық салмағы 30 кг асатынын айтты. Ал салмақ тастау жолында көптеген диета, спорттық денешынықтыруларға дайын емес екенін жеткізді.

Мұндай семіргеніне тек аспаз болғандығы емес, сонымен қатар сүйіктісімен айырылысқаны себеп болғанын атады.

«Төрт жыл бұрын қызым тастап кетті. Сол кезде жұмыстан шығып кеттім, семіз болып кеттім. Үшінші қабатқа дейін әрең көтерілетінмін. Сол кезде бәрі «быт-шыт» болып кетті. Айнаға қарап, өз-өзімді жек көріп жүрдім. Осылайша бір жарым айдың ішінде 22 кг салмақ тастадым. Мен арықтап, біраз танымал бола бастаған соң алты ай уақыт өткен соң әлгі қыз хабарласты», – дейді Сека.

Алайда алғашқы нағыз махаббаты студент кезінде болғанын айтқан Серғазы оған деген сезімін айтудан бас тартты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау