Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сегіз жыл бойы бала сатты деп айыпталған ақ халаттыларға қатысты сот процесі жалғасуда

Алматыда сегіз жыл бойы бала сатты деп айыпталған ақ халаттыларға қатысты сот процесі жалғасуда. Сотта күдікті деп танылған Алматы облысының клиникалық емханасына қарасты перзентхананың экс қызметкерлері саудаға салған сәбилердің саны 15-тен де көп болуы мүмкін.

0b2cb27dd561725034bdcbf3ef6dd30a

Бұл туралы 31.kz хабарлайды.

Аталған мәселе осы бейсенбідегі “Сөздің шыны керек” жобасында айтылмақ. Қылмыстық істе жеті бірдей жас босанған ананың кім екені неге анықталмаған? Бала сатып алғандар, қанша уақыт бойы мемлекеттен бала күтімі жөнінде жәрдемақы алып келген? Оның сомасы қанша? Бала сатып алғандар мен оны сатуға бергендердің өзі бұл әрекеттеріне қалай ақталмақ? Осы сауалдарға жауап іздеген журналист Ирина Советжанқызы атышулы  істе тағы қандай жаңа деректердің пайда болғанына тоқталмақ.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Алматыда 8 жыл бойы бала сатып келген перзентхана қызметкерлерінің ісі сотқа жеткені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау