Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сегіз жасар қызды зорламақ болған қылмыскерге қатысты сот басталды

Алматы облысында қаршадай қызды зорламақ болды деп айыпталған азамат сот алдында жауап бере бастады,-деп жазды КТК арнасы.

қамау

32 жастағы жігіт Түрген ауылында 8 жасар қызға қорлық көрсеткені үшін қамауға алынған болатын.

«Педофилизм» бабы бойынша сотталып жатқан оның ісі бастан аяқ жабық жағдайда өтеді. Десе де бүгін судья тілшілерге отырыстың басталғанын ғана түсіруге рұқсат етті. Бірақ айыпталушы жүзін жасырып, камерадан қашқан жоқ.

Естеріңізге салайық, бұл азамат осыдан үш ай бұрын Түрген ауылында екінші сыныптың оқушысын өзен жағасында зорламақ болған. Алайда қаршадай қызды педофилден мал бағып жүрген Тимурбек Жамаладдинов есімді жасөспірім қорғап қалды. Тіпті жәбірленушінің туыстары күдіктіні ұстап алып, өлтірмекші болған екен. Алайда тұрғындардың жазасынан оны тәртіп сақшылары қорғап қалды.

Оқи отырыңыз:

Астана маңында прокуратура қызметкерін атып, сосын өзіне қол салған азаматтың кім екені анықталды

Қызды құтқарамын деп тоққа түскен жасөспірімнің өміріне кінәлілер табылмай отыр

Астана маңында белгісіз ер адам прокуратура қызметкерін атып, сосын өзіне қол салды

Талқылау